Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

Қазақстан бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 22 мамырдағы бұйрығына өзгерістер енгізді. Соған сәйкес, Қазақстанға келетін азаматтарға арналған рәсімдер жеңілдетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Біріншіден, шетелден келетін азаматтар үшін шектеулер азайды. Осылайша, қолдарында коронавирусқа теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болса (анықтама мерзімі – бес күннен аспайды), олар инфекцияға тексерілу үшін екі тәулікке дейін карантинге жіберіледі. Аталған анықтамасы бар шетелден ұшып келген азаматтар оқшауланбайды. Сондай-ақ жаңа құжатта бұған дейінгі редакцияда көрсетілген үйде оқшаулау шаралары туралы айтылмаған.
Екіншіден, ЕАЭО елдері мен Өзбекстаннан теңіз және теміржол арқылы, сондай-ақ автөкөлікпен келген азаматтар (әуе байланысын санамағанда) міндетті сауалнамадан өтеді. Олардан қан алынып, коронавирусқа тексеріледі. 
Үшіншіден, "ТеңізШевройл" ЖШС қызметкерлері вирусқа тексерілу үшін екі аптаға дейін міндетті карантинге жіберіледі. Егер олардан коронавирус анықталса – карантиндік стационарға жатқызылады. Ал инфекция анықталмаса – үйлерінде 12 тәулікке оқшауланады. Үйлерінде оқшаулануға қажетті жағдайлары болмаса – муниципалды органдар белгілеген жерлерге жіберіледі.


08 маусым 2020 ж. 968 0