ЕСМАҒАМБЕТОВА: ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 45 БАЛА ТІРКЕЛДІ

«Қазақстанда коронавирус жұқтырған 45 бала тіркелді. Олардың төртеуі ауруханадан жазылып, шығып қойған. Қалғандарының жағдайының дәрежесі жеңіл деп бағаланып отыр», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясын анықтау бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында экспресс тесттен кімдердің өтетінін айтты.
«Қазіргі таңда елге 96 мың тест жеткізілді. Экспресс тесттер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүргізіледі. Тәулігіне 500-ден 1000-ға дейін тест жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар менің қаулыммен экспрес тесттен өтетін адамдардың санаты белгіленді. Олар: жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері, ЖРВИ белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған адамдар, коронавирус жұқтырған адаммен едәуір қарым-қатынаста болған адамдар, сондай-ақ өткізу бекеттері арқылы автоөткелдер мен теміржол өткелдерімен келген азаматтар, төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрген жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері», - деді бас санитарСоңғы дерек бойынша, Қазақстанда 604 науқас тіркелген.
"Олармен байланыста болған 17 342 адам анықталды. Оның 463-і елден кеткен, қалған 16 879 адам табылып, 6 175-і ауруханаға жатқызылды. Үй карантиніне 10 383 адам орналастырылды", - деді бас санитар дәрігер.Айтуынша, бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.