Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқас туралы тың деректер шықты

Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқас туралы тың деректер шықты

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел өңірде коронавирус инфекциясы анықталған науқас елімізге Меккеден Стамбул арқылы ұшып келгенін мәлімдеді.
"Соңғы ақпарат бойынша, коронавирус Талдықорғанда тіркелді деген хабарлама таралып жатыр.
Алматы облысында аталған вирус бір адамнан анықталды. Бірақ бұл жағдай Талдықорғанда емес, Қарасай ауданында тіркелді.
Қазір 1986 жылғы науқас Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты. Қазір вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Тиісті шаралар атқарылуда. Ал коронавирус жұқтырған адам біздегі мәлімет бойынша Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген", - деді ол.
Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысында коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелгенін жазған болатынбыз.
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12.00-дегі мәліметтерді жариялады.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді", - делінген ақпаратта.
https://kaz.nur.kz/​​​
21 наурыз 2020 ж. 677 0