Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитар коронавирус індеті өршіп жатқан өңірлерді атады

Бас санитар коронавирус індеті өршіп жатқан өңірлерді атады

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова еліміздегі коронавирус инфекциясы өршіп бара жатқан өңірлерді атады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. "Осы жылдың 1 сәуірінде шыққан менің қаулыма сәйкес мемлекеттік шекара арқылы өтетін автоөткелдер мен теміржол өткелдерінде міндетті санитарлық карантиндік бақылау енгізілген. Қаулыға сәйкес міндетті түрде тексеру жүргізіліп, жүргізушілерден сауалнама мен тест алынуы керек. Тест теріс нәтижені көрсетсе де, ол адам үй карантиніне жатқызылуы керек. Әлбетте тест оң нәтиже көрсетсе, олар ауруханаға жатқызылады", - деді ол.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жоғары өсімі тіркелген. Сондықтан аталған өңірлерге карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау арқылы қосымша шектеу шараларын енгізу қажет дейді Айжан Есмағамбетова.
6 сәуір 17:00-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырған тағы 25 адам тіркелген. Олардың 19-ы Ақмола облысында, алтауы Жамбыл облысында.
06 сәуір 2020 ж. 748 0