Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі өзгертілді

Өзгерістерге сәйкес, енді шетелдіктерге ел аумағына кіру үшін коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-тест өткені туралы анықтаманың болуы міндетті емес. Сондай-ақ кейбір санаттағы азаматтар үшін кіру/шығу тәртібі өзгертілді.

"Егер жылына шекарадан 48 миллион адам өтсе, бір ай ішінде он есеге қысқарған шығар. Оның ішінде біздің азаматтар, шетелдіктер де бар. Бірақ бұл дұрыс, қалыпты жағдай. Адамдар өз денсаулығына алаңдап жатыр", – деді ол.
Ділманов шекарашыларда ауру белгілері байқалмағанын, олардың ешқайсысы карантинге алынбағанын жеткізді. Оның сөзінше, кез келген шекарашы қызметіне кіріспес бұрын міндетті медициналық тексеруден өтеді.