Композиттік қызметті енгізу туралы

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр.
Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді
жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz