Балабақшалардан кезекші топтар ашылды

Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте баланы үй жағдайында қалдыруға мүмкіндігі жоқ, ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін ата-аналардың қалауы бойынша балалар қабылданды.
Балабақшадағы кезекші топтар бойынша жұмыс жасайтын және қабылданатын балалар мен қызметкерлер өздерінің учаскелік дәрігерінің арнайы денсаулық жөніндегі анықтамасы бойынша қабылданды. Эпидахуал тұрақтанғанша, әрбір ата-ана баласын балабақшаға уақытша әкелмеуіне де құқығы бар. Бұл ретте баланың орны сақталады.
Балабақшалар белгіленген кестеге сай оқыту әдістемесі бойынша жұмыс жүргізуде. Кезекші топтардың жұмысы алгоритм бойынша барлық санитарлық талаптарға сай, әрбір баланың қауіпсіздігі мен гигиенасын сақтай отырып жүзеге асырылуда.
А.Құдайбергенова,
аудандық білім бөлімінің жетекші маманы
аудандық білім бөлімінің жетекші маманы