Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала тұрғындарының назарына!

Қала тұрғындарының назарына!

Өздеріңізге белгілі, өңірде коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында қарқынды шаралар қабылдануда:01.04.2020 жылғы, сағат 00:00-ден бастап:
- Діни үйлердің, балабақша, базар, сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендердің, автосалон, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильоны, химиялық тазартулардың, фотосалон, оптика, ломбардтардың, техникалық қызмет көрсету станцияларының, сауна, фитнес-клуб, тренажер залдарының, спорт кешені, сұлулық салондарының, студиялардың, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік контора, бильярд клубтары, үй-жайлардағы балалар ойын алаңы, қонақ үй кешенін, көрмелерді және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілерді жалға алу қызметтері және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары уақытша тоқтатылды.
- Азық-түлік маркеті, минимаркет, дүкендердің, азық-түлік сөрелерінің, дәріханалардың және бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасайды.
- Мейрамхана, дәмхана, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектісінің жұмысын "Клиенттерге дейін жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10-00-ден 20-00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істейді.
- Сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін уақытты шектей отырып, қоғамдық моншалардың жұмысын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен, ал шаштараз және автожуу бекеттері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды.
- Санитарлық нормалар күшейтіледі. Дезинфекция барлық әлеуметтік нысанда, халық көп шоғырланатын орындарда жүргізіледі.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топтар тиісті нұсқаулыққа сәйкес қауіпсіздік шараларын жан-жақты жүргізуде.
Бұл шаралар Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданып отыр. Баршаңызды ресми ақпарттарға назар аударып, үйден шықпауға, талаптарды қатаң сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Арал қаласының әкімдігі
01 сәуір 2020 ж. 713 0