Қызылордада балабақшалар жұмысын жалғастырады

Бүгінде балабақшаларда кезекші топтарды ашуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Балабақшаға бірінші кезекте ата-аналары жұмыс жасайтын, балаларды үйге қалдыруға мүмкіндігі жоқ отбасы балалары қабылданады.
Сондай-ақ, балаларды учаскелік педиатордың рұқсат қағазымен қабылдайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 576 балабақша жұмыс істейді. Оның 161-і мемлекеттік, ал 415-і жеке меншік.