Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды. Бұл шешім Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №12 қаулысы негізінде жүзеге асады.
Ол аймақта коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде 3 сәуірден бастап енгізілген шектеу шаралары, оның ішінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін карантин уақыты ұзартылды.
Шектеу шараларын жеңілдетудің үш кезеңі жарияланды. Бірінші кезеңде, 11 мамырдан бастап, жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алғашқы кезекте шектеулі уақыт бойынша бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендерге рұқсат етілді. Отырғызу орындардың санына сәйкес уақыт шектеуі бойынша қоғамдық көліктер сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынай алады. Ал қоғамдық моншаларға шектеулі уақыт бойынша көпшілікті қабылдай алады. Сондай-ақ, шектеулі уақыт бойынша 30 адамнан аспайтын мәдениет және спорт нысандарының жұмысына рұқсат беріледі. Оған қоса сағат жөндеу шеберханаларына, химиялық тазалауға, фотосалондарға, жарнамалық агенттіктерге, сондай-ақ сұлулық салондарына, мал базарларына құрылыс материалдары базарларына жұмыспен қамту орталықтарына рұқсат етіледі.
Ал екінші кезең 18 мамырдан басталады. Бұл уақытта балабақшалардың кезекші топтарына, көрермендердің қатысуынсыз 50 жұмысшыдан аспайтын мәдениет және спорт нысандарының, алдын ала жазылу негізінде шектеулі уақытпен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жүргізіледі. Ал 25 мамырдан басталатын үшінші кезеңде қонақ үй кешендеріне, отельдерге, сауда ойын-сауық орталықтарына рұқсат етіледі.
Қазірге дейін Қызылорда облысында 230 адам коронавирустық инфекцияға шалдықса, оның ішінде, 161 адам қатерлі індеттен сауығып шықты.

11 мамыр 2020 ж. 877 0