Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Бүгіннен бастап Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №10 қаулысы күшіне енеді. Осыған сәйкес, Қызылорда қаласы, аудан, елді мекендер арасы квартал немесе секторларға бөлініп, блокпосттар орнатылады.
«Сәйкесінше карантиндік аймақта жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады», – деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі.
Тұрғындарға медициналық бетперде киіп жүру міндеттеледі.