Израиль билігі коронавируспен ауырған шетелдіктерді елге кіргізе бастайды

«Премьер - министр мен сыртқы істер, денсаулық сақтау, ішкі істер, туризм және көлік министрліктері 9 қаңтардан бастап мәртебесі «сары» елдерден вакцинацияланған және коронавируспен ілгеріде ауырған шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат береміз деген қорытындыға келді», делінген ведомство хабарламасында.