Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Армениядан әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуге рұқсат берілді

Армениядан әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуге рұқсат берілді

Kyzylorda-news.kz. Үкімет басшысы Асқар Мамин 20 мамырдан бастап Қазақстанда Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге рұқсат беруді қарастыратын қаулыға қол қойды.
Жаңа құжат 20 мамырдан бастап күшіне енді.
Үкімет қаулысында атап көрсетілгендей, ішкі істер министрлігі биылғы 1 қыркүйекке дейін Армениядан әкелінген сол жақ рөлді автокөліктерді тіркеу бойынша шаралар қабылдауы қажет. Сондай-ақ министрлікке көлік құралдарын тіркеу кезінде берілетін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің типін бекіту тапсырылды.
Айта кетейік, жаңа ереже елге 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген автокөліктерге ғана қатысты.
Премьер-министр қаржы және ішкі істер министрліктеріне Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтары мен ҚР заңнамасын бұза отырып, елге 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін Армениядан көлік құралдарын әкелген азаматтарға қатысты шаралар қабылдауға тапсырма берді.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік құралын тіркеуді жүзеге асыру кезінде Армения Республикасының уәкілетті органдары берген көлік құралдарын тіркеу құжаттарының түпнұсқаларын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін меншік иелері сұрағанға дейін сақтауды және көлік құралдары республика аумағынан тыс жерлерге шығарылған жағдайда оларды беруді қамтамасыз етсін», – делінген құжатта.
21 мамыр 2020 ж. 641 0