Кедендік талап күшіне енсе...

А. Аманов
Жалпы, шетелдік нөмірі бар көлік иелері не істеу керек? Біріншіден, әкелген көлігін тұрақты тіркеуге қою қажет. Заң бойынша олар көлікті сатып алып, оны Қазақстанға әкелгеннен кейін 10 күн ішінде тіркеуі керек еді. Алайда көбі олай істемеді. Енді Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік жүр. Бұл – шекарадан өткен көлік нөпірінің жалпы саны ғана. Оның жергілікті жерде тіркелгендері шамалы ғана. Мысалы, Арал ауданы бойынша шетелдік нөмірлі көлігі бар 43 адам ғана тіркеуге алынған.
Ал жыл басында Ішкі істер министрлігі осындай автокөлік иелеріне тұрақты тіркеу мен кеден бажы сияқты төлемдерді төлеу керектігін еске салған болатын. Дәл осыдан кейін көптеген жүргізушілер өздерінің пікірін қоғамда ашық айтып, наразылық таныта бастады. Олардың пікірінше, кеден салығы тым қымбат. Осы оқиғалардан кейін, іске ел Президентінің өзі араласып, уақытша тіркеу бойынша нақты тапсырма берді.
«Енді шетелдік нөмірі бар көлік иелері 2021 жылдың 1 наурызына дейін не істеу керек?» деген сұраққа келейік. Алдымен уақытша тіркеуге тұру үшін кеден бажы мен утилизациялық алымды төлеу, тұрақты тіркеуге тұру сынды шаруалар сізді күтіп тұр. Ал оны көлік иелері істемейтін болса, көлікті Қазақстан аумағынан шығарып тастауға тура келеді. Автокөлікті уақытша тіркеу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлік, ескі мемлекеттік немесе транзиттік нөмір, меншікті растайтын құжаттар, бастапқы тіркеу, жаңа мемлекеттік нөмір жасап бергені және машинаның техникалық төлқұжатын әзірлегені үшін жасалған төлемдерді растайтын түбіртектер тапсырасыз. Осыдан кейін көлік Қазақстанда уақытша тіркеліп, оған арнайы «18-аймақ» деп белгіленген сары түсті нөмір беріледі. Алайда мұндай жұмыстар еліміз бойынша бірегей науқанға айнала қойған жоқ. Ауданды былай қойғанда, Қызылорда облысы бойынша да мұндай жұмыстар әлі жүргізілген жоқ.
Енді көптеген жеке тұлғалардың көкейінде жүрген сауалдардың бірі – «уақытша тіркеуге тұру қанша тұрады?» деген сұрақ төңірегіне тоқтала кетсек. Бастапқы тіркеу сомасы тек айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар автомобильдің шыққан жылына да байланысты. Оны мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында төлеуге болады. Бірден айта кетейік, жаңа көліктердің алғашқы тіркеуі арзан, ал ескілердікі қымбатқа түседі. Мәселен, сізде жылы жаңа, яғни 2018 немесе 2019 жылы шығарылған көлік болса, оған қалтаңыздан көп шығын шықпайды. Бар болғаны – 662 теңге. Ал 2017-2018 жылдары шығарылған шетелдік нөмірлі көліктерді кедендік рәсімдеуден өткізу үшін 132 550 теңге төлейсіз. Енді шығарылған жылы үш жылдан асқан көлік үшін (2016 жылдан ескі) – 1 325 500 теңге. Техникалық төлқұжатты (техпаспорт) істету үшін – 3 313 теңге және мемлекеттік нөмірдің тағы екі данасы үшін – 7422 теңге.
Иә, бізде пәленбей миллионға алатын көліктерді Армения, Ресей сынды елдерден жар бағасынан төмен құнға сатып алады. Әрине, тиімді. Сондықтан олар осы жақтан несие алып, сонда барып келеді. Ал мәселе елге келгеннен соң туындайды. Қалай десек те, кедендік талап күшіне енсе, қарап жатуға болмайтыны анық. Бұл мәселеде өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын жақты ойлаған билік үшін де, халық үшін де пайдалы болмақ.