Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде бүгіннен бастап шетелдік көліктерді уақытша тіркеу басталды

Елімізде бүгіннен бастап шетелдік көліктерді уақытша тіркеу басталды

Елімізде бүгіннен бастап шетелден әкелінген көліктерді уақытша тіркеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды alashainasy.kz.
 
Енді сырттан кірген техника атаулыға бірыңғай сары түсті нөмір беріледі.
Батыс Қазақстанға соңғы екі жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 42 мың көлік жеткізіліпті. Оның 1500-і Армения, 38-і Қырғызстан қалғаны ресейлік техника.
Енді осы көліктердің қаншасы өзге өңірлерге өткенін, қаншасы облыс аумағында қалғанын ешкім білмейді. Бұл мәлімет алдағы бір ай ішінде белгілі болмақ. Осыған байланысты жайттарды полиция мен мемлекеттік кірістер басқармасы және өзге де құзырлы мекемелердің өкілдері тұрғындарға түсіндіріп жатыр. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бір ай бойы сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді. 
Дегенмен, бұл өңірде дәл бүгін сары түсті нөмір алып жатқандар әзірге жоқ. Көпшілігі қажетті құжаттар тізімі мен төлем сомасын нақтылауға келген.
 
Самғат Шаяқов, қала тұрғыны:
- Менің Ресей нөмірлі машинам бар. Соны Қазақстанға аударыла ма екен, соны білу үшін келіп отырмын. Осы жерде анықтап түсіндіреді дегесін келіп отырмын. Қандай төлемдер төлейді, оны қалтамыз көтере ме, көтермей ме? Соны білу үшін.
 
Александр Плешаков, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:
- Біз қазір қандай құжат керек екендігін айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап беріп жатырмыз. Ал төлемдерге келсек, көлік 3 жылдан асса, бастапқы тіркеу алымы 1 миллион 355 мың теңге. Мейлі қай елден кірсе де. Кедендік баж салығының айырмасын мамандар әр көліктің жылына, құнына, қозғалтқыш көлеміне байланысты жеке анықтайтын болады. Құжаттарды тапсырған соң әрі қарай көлік іздеуде жоқ па, соны білеміз. Егер бәрі дұрыс болса, көлік құралы уақытша тіркеуге алынады.
 

03 ақпан 2020 ж. 772 0