Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік тіркеудегі көліктердің тағдыры не болмақ?

Шетелдік тіркеудегі көліктердің тағдыры не болмақ?

qaz.kolesa.kz Полицейлер армениялық, қырғызстандық, ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді “аулайды” деген ақпарат күні кеше тарап кетті.ҚР ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік құралы Қазақстанға жеткізілген. Шетелдік нөмірі бар көліктердің қатысуымен былтыр 1 854 көлік оқиғасы болып, 132 адам қаза тапты, 500 кісі жарақат алған. Сондай-ақ, камералар жалпы сомасы 1.1 млрд теңгені құрайтын 90 мың (!) ереже бұзу дерегін анықтады.
Министерлік БАҚ арқылы шетелдік көліктерді ҚР-да тіркеуге үндеді. Қазақстандықтарға Қырғызстан мен Арменияда тіркелген көліктерді декларирация жасап, алым-салықтарды төлеген жағдайда жүргізуге рұқсат беріледі.
Ведомствоның мәліметінше, “Қазақстан азаматы көлікті сырт мемлекетте өз атына рәсімдеп ел аумағына кірген соң 10 күннің ішінде алым-салықтарды төлеуі керек”.
“Халықаралық жол жүрісіне қатысатындар” кімдер? “Жол қозғалысы” туралы заңның 65 бабындағы жазбаның мағынасы түсініксіздеу деп түсіндірді біздің заңгеріміз (екі тармақты мысалға келтіреміз).
Көлік құралы, егер ол:
1) Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмесе;
3) Қазақстан Республикасына уақытша әкелінсе, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісінде деп есептеледі.
Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді.
“Тиесілі болса” және “орналасқан жері бар” деген сөзде гәп бар. Яғни, Қазақстанға сенімхатпен (Ресей, Қырғызстан) кіргізілген көлік бір жылға дейін “Халықаралық жол жүрісіне қатысушы” қатарында бола бермек. Армениялық көліктермен қиындау. Қазақстан азаматында уақытша тіркеу болса, оның сол мемлекетте тұрақты тіркеуі жоқ деген сөз.
Қайтпек керек?
Шетелдік тіркеудегі көліктердің тағдыры не болмақ? Шетелге кеткен қайран ақша… Құзырлы органдар барлық сұраққа нақты жауап беруге қауқарсыз секілді.
16 қаңтар 2020 ж. 862 0