Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей, Қырғыз және армениялық нөмірлі көліктерге Қазақстанда тыйым салмақ

Ресей, Қырғыз және армениялық нөмірлі көліктерге Қазақстанда тыйым салмақ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда шетелдік нөмірлерлі автокөліктерді қолдануға тыйым салу жоспарланып жатқанын айтты.

"Арменияда, Қырғызстанда және Ресейде тіркелген автокөліктер жол ережелерін көп бұзады деген шағымдар түсті", - деді министр.
Оның айтуынша, көрші елдердің автокөлік иелеріне қатысты ешқандай іс-қимыл жасалмайды, өйткені көліктері Қазақстанда тіркелмеген.
"Олар кәсіпкерлік қызметпен айналысады, жолаушыларды тасымалдайды. Республикамызда 10 тәуліктен астам уақыт бойыжүретін автомобильдерді уақытша рәсімдеуді және шектеуді енгізуді ұсынамыз. Егер 10 күн ел ішінде жүрсе, ол транзитті саналады. Ел аумағында 10 күннен ұзақ жүрсе, уақытша тіркеуге отыру міндетті.  Сондай-ақ жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсынған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына мұндай көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады", - деді Тұрғымбаев.
Әкімшілік полиция комитеті қазіргі уақытта Қазақстанда ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген көлік құралдарын міндетті түрде уақытша тіркеу туралы мәселе барлық мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен талқылануда. Сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін "Жол қозғалысы туралы" Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.
Оң шешім болған жағдайда, бұл мәселе ағымдағы немесе жоспарланған заңнамалық қызмет шеңберінде Қазақстан Республикасы парламентіне ұсынылады.
Бұған дейін қазақстандықтарға шетелдік автокөліктерді тіркеуге міндеттейтіні айтылды.

https://stan.kz  

04 шілде 2019 ж. 799 0