Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлан Тұрғымбаев жол ережесін бұзған полиция қызметкерін жазалады

Ерлан Тұрғымбаев жол ережесін бұзған полиция қызметкерін жазалады

Теміртауда полиция қызметкері үш рет жол ережесін бұзған. Ол жазаға тартылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев өз блоктарында мәлімдеді,

21 мамырда полицей Daewoo Nexia маркалы көлігімен кетіп бара жатқан. Ол баласын көліктің жолаушылар отыратын алдыңғы орындығына автокреслосыз отырғызған. Сонымен қатар өзі де қауіпсіздік белдігін тақпапты. Сондай-ақ, бағдаршамның тыйым салу белгісіне қарамай өтіп кеткен. 
«Полицей заңдарға, жол ережесіне және баласының қауіпсіздігіне деген немқұрайлылығын көрсетті. Ол тапа-тал түсте баласын көліктің алдыңғы орындығына автокреслосыз отырғызды. Өзі де қауіпсіздік белдігін таққан жоқ. Жол жол қозғалысының өзге қатысушыларына қандай үлгі көрсетеді?» - дейді қоғам белсендісі Жан Ботанов. 
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мұндай шағым түскеннен кейін, екі бұзушылықты ғана анықтап, ола бойынша хаттама толтырылған. 
«Полицейге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі (Қауіпсіздік белдігі мен мотошлемді пайдалану ережесін сақтамау) және 593-бабы 1-бөлігі (Жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесін сақтамау) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды», - дейді облысы әкімі. 
Алайда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейдің жоғарыда аталған бап бойынша ғана емес, сонымен қатар Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 599-бабына (Бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өту) сәйкес жазаланғанын мәлім етті.
«Daewoo Nexia көлігін тізгіндеген полицей анықталды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 593-бабының 1 және 2 бөліктері бойынша ғана емес, 599-бабы бойынша да әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - дейді Тұрғымбаев.
http://stan.kz
17 маусым 2019 ж. 852 0