Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тіпті, жұмыстан қуылады": ІІМ қазақстандықтардың желідегі сын-ескертпелері бақылауда екенін айтты

"Тіпті, жұмыстан қуылады": ІІМ қазақстандықтардың желідегі сын-ескертпелері бақылауда екенін айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-нің азаматтардың әлеуметтік желілердегі сын-ескертпелерін бақылап отыратынын хабарлады. Және полиция қызметкерлерінің кінәсін дәлелдеген жағдайда оларға қатысты шаралар қабылдайтынын айтты,

«Бүгінгі күні әлеуметтік желілер арқылы көптеген сын-ескертпе, теріс пікірлер келіп түсетінін жасырмаймын. Бірақ, бізде ішкі істер министрлігінің өзінде полиция бөлімшелерінің қызметін бақылайтын және бағалайтын арнайы мониторинг тобы құрылғанын айтқым келеді. Қызметкерлердің тәртіпсіздігінен және қабілетсіздігінен туындаған жағымсыз құбылыстар бойынша оларға қатысты шаралар қолданылады. Тіпті, жұмыстан қуылады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігіне реформа бойынша мыңнан астам ұсыныс  түскен.
Бірақ, талдап, жүйелеп қарағаннан кейін олардың көпшілігінің қайталанатыны белгілі болды. 
«Барлық ұсыныстардың ішінен 28 негізгі бағыт таңдалды. Мен осы бағдарламаның дамуына белсене қатысқандарға жеке алғыс айғысымды білдіргім келеді. Ішкі істер министрлігі сіздермен бірлесіп жұмыс жасауға әрдайым дайын. Біз де министрліктің тек сынға ұшырайтын және үнемі жағымсыз жайттың астында қалатын орган емес, әрдайым сенімнің ерекше деңгейінде тұратын полицейлер істейтін орган болғанын қалаймыз», - деп сендірді министр.

http://stan.kz 

28 мамыр 2019 ж. 938 0