Қасымовтың орнына Тұрғымбаев келді

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - деп мәлімделген ресми хабарламада.Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Тұрғымбаевты"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы" жарлыққа қол қойған.
"Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.