Бангладеште кеме аударылып, 61 адам қаза тапты
Жексенбі күні Бангладеш астанасынан 500 шақырым жерде өзендегі кептеліс салдарынан бортында 100-ге жуық адам болған жолаушылар паромы аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сейсенбі күні құтқарушылар судан оншақты адамның мәйітін шығарып алған.
«Тағы бес-алты жоғалған адамды іздеу операциясы жалғасуда. Батып кеткен кеме жағаға сүйреп шығарылды», делінген хабарламада.