Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Он жыл мұхитта қалқып жүрген: Жер сілкінісі кезінде жоғалған кеме табылды

Он жыл мұхитта қалқып жүрген: Жер сілкінісі кезінде жоғалған кеме табылды

Тынық мұхитында Жапонияның Хатизедзима аралы жағалауынан 2011 жылы наурызда Жапония шығысындағы ірі жер сілкінісінен кейін цунами алып кеткен балық аулайтын кеме табылды.
Кеме Мияги префектурасындағы Кэсэннум қаласының портынан алынды. Ол мұхитта 10 жылға жуық қалқып жүрген, осы уақыт ішінде оның  сыртына ұлу қабыршығы толып кеткен. Ақыр соңында кеме Миягиден 650 шақырым жерде Хатизедзима аралының батыс жағалауына жеткен.
Кеме тіркелген портты сақталған нөмір бойынша табуға болады. Кемені тапқан ер адам оның жартылай батып кеткенін, бірақ аударылмағанын айтты. Айтуынша, ол кемені жағаға шығарған. 

stan.kz

14 желтоқсан 2020 ж. 628 0