Жапонияда жер сілкінді

Аталған елдің метеорологиялық агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі салдарынан цунами болмаған. Жер сілкінісінің эпицентрі Хатидзе аралының шығысында тіркелген. Бұл аймақ Идзу аралының тобына кіреді.
Сонымен қатар жер сілкіну гипоцентрі 40 км тереңдікте болған. Одан цунами қаупі жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Индонезия жағалауында күші 6,4 магнитуда болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған. Сонымен қатар Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында күші 5,0 магнитуда болатын жер сілкінді.