Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексиканың оңтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды

Мексиканың оңтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатында жұма күні магнитудасы 7,2 балдық жер сілкінісі болды.
Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.USGS алғашқыда жер сілкінісінің магнитудасы 7,5 балды құрағандығын хабарлаған, бірақ артынша бұл мәліметті түзетті.
Сейсмологтар зілзаланың алғашқы сілкінісі аса күшті болғандығын, одан кейін де 100-ден астам жер асты дүмпуін тіркеді»,-деп хабарлады Ұлттық сеймологияық қызмет өзінің Twitter-дегі парақшасында.Олардың ең қуаттысы 5,9 балды құраған.

Мексика ІІМ азаматтық қорғанысы бойынша үйлестіруші Фелипе Пуэнтенің айтуынша, Оахака, Чьяпас, Мичоакан, Пуэбла және Мехико астаналық округінде қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер түспеген.
17 ақпан 2018 ж. 1 423 0