Иранның бұрынғы вице-президенті қамауға алынды

Иранда елдің бұрынғы вице-президенті Эсфандияр Рахим Машаи қамауға алынды. Ол экс-президент Хамид Багаидың жақын одақтасы болған.
Машаиге қатысты елдің саяси элитасына қарсы үгіт-насихат жүргізуі туралы іс ашылып отыр. Саясаткер бұрынғы президенттің басқа жақтаушысын қамауға алу туралы бұйрықты жағып жіберуі Машаидың өзін қамауға алуға себеп болған.