Түрік ұшағы Иранда апатқа ұшырады

Иран апаттық-құтқару қызметінің өкілі Моджтаба Заледидің журналистерге хабарлауынша, түріктің жеке меншіктегі ұшағы Иранның оңтүстік-батысында Киар қаласы жанындағы тауға соқтығысқан. Алдын ала деректерге қарағанда, ұшақ бортында 11 жолаушы болған. Оқиға орнына құтқарушылар тобы аттанды.
inform.kz