Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әуе апаты Исфахан провинциясында болды. Лайнер Тегераннан Ясуджге бет алып келе жатқан.

Хабарланғандай, Aseman Airlines компаниясына тиесілі әуе кемесі Семир елді мекеніне жақын жерде құлаған. Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты.

Ұшақ құлаған жерге жіберілген тікұшақ ауа райының қолайсыздығынан қона алмауда, жедел жәрдем қызметі апат орнына жетті.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, әуе кемесінің экипажы ұшақты апатты жағдайда Исфахан провинциясындағы фермалардың маңына қондырмақ болған.

Еске салайық, 11 ақпан күні Ресейде Ан-148 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ашал құшты.
18 ақпан 2018 ж. 1 319 0