Бүгін Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы жақсарады
Дүйсенбі, 26 наурыз күні Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасы жақсарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап.
Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар ауада зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады. Атырау қаласында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына әсер етеді.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.