Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кариб теңізінің түбінен ішінде қазынасы бар кеме табылды

Кариб теңізінің түбінен ішінде қазынасы бар кеме табылды

Оның ішіндегі қазынаның құны – 17 миилиард доллар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі gazeta.ua сайтына сілтеме жасап.
Кариб теңізінің түбіне батып кеткен испандық кеме табылды. Кеменің ішінде алтын, күміс және басқа да бағалы тастар табылған. Олардың жалпы нұны – 17 миллиард доллар.
«Сан-Хосе» желкенді соғыс кемесі 1708 жылы британдықтармен соғысу нәтижесінде суға батып кеткен. Кемеде 62 зеңбірек болған және қасында әскери кеме болған, бірақ ол кеме британдықтарға қарсы тұруға көмектесе алмаған.
Ағылшындар үшін «Сан-Хосе» кемесін суға батырып жіберу өте маңызды болған, өйткені ол кеме испан мұрагерлігі үшін болған соғысқа демеушілік жасаған.
Еске сала кетсек, ішінде қазынасы бар кеме су астынан 2015 жылы табылған, бірақ ресми ақпарат бүгін ғана жарияланды.
Baq.kz
25 мамыр 2018 ж. 2 977 0