Қытай жағалауында балық аулайтын кеме теңізге батып кетті, 8 адам қаза тапты

Теңіздегі аймақтық құтқару орталығына апат дабылы жексенбі күні таңертең, Бейжің уақытымен 04:28 кезінде келіп түскен. Кеме Чжэцзян провинциясының жағалауынан 100 миль қашықтықта батып кетті.
Таңғы сағат 08:00-де сегіз адамның мәйіті табылды, экипаждың бес мүшесі құтқарылды. Іздеу жұмыстары жалғасуда, оған жергілікті жағалау күзеті, құтқару қызметтері, осы аймақтағы балық аулау шхуналары қатысып жатыр. Оқиғаның себептері туралы ақпарат жоқ.
inform.kz