Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал теңізінде балықшы суға кетті

Арал теңізінде балықшы суға кетті

Арал ауданы тұсындағы кіші Арал теңізі, № 6 учаскесінде 1 азамат балық аулау барысында қаза тапты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.
«Үстіміздегі жылдың 16 тамызында Арал ауданының 1965 жылғы тұрғыны пластмасса қайығымен балық аулауға шығып, аударылып суға батып кеткен, бүгін, яғни 17 тамыз күні сағат 10.45-те мәйіті табылып, судан шығарылды. Азаматтардың суға түсу және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауын, абай болуын сұраймыз»,-деді Саид Шазындаұлы.
Айта кетейік, Қызылорда облысында жыл басынан бері 6 адам балық аулау кезінде суға кетті.
kyzylorda-news.kz
17 тамыз 2020 ж. 1 321 0