Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 5 адам суға кетті

Қызылордада 5 адам суға кетті

Қызылорда облысында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 25 оқиға тіркеліп, 27 адам қайтыс болды. Оның 9-ы бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.
«Өткен аптада 5 қайғылы оқиға тіркеліп, азаматтардың мәйіті табылып, судан шығарылды. Өңірде суға шомылуға болмайтын 64 аймақ белгіленіп, 139 ескерту тақтайшасы орнатылды. Суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне әкелуде. Жаз айларында табиғатқа шығып, демалысты өзен мен көл жағасында өткізетін тұрғындар көп. Алайда сақтық ержелерін сақтамау салдарынан осындай демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады»,-деді Саид Шазындаұлы.
kyzylorda-news.kz​​​
10 тамыз 2020 ж. 737 0