Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСКЕРТУ  СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ  САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ 

ЕСКЕРТУ  СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ  САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ 

         Жердегі ең қымбаты - адам өмірі. Өкінішке орай, жаз айларында біздің облыстың әр түрлі су айдындарында суға кеткен балалардың саны азайса да, қайғылы оқиғалар орын алуда.
         Қызылорда облысында 2017 жылы – 26 (оның ішінде 7 бала), 2018 жылы - 22 (оның ішінде 8 бала) адам су айдындарында қайтыс болды.
         Жыл басынан бері Қызылорда облысында 12 қайғылы оқиға тіркелген, оның ішінде 4-еуі бала, орта мектептердің оқушылары.
         Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті барлық ересектерге, ата-аналарға, тәрбиешілерге балаларды қараусыз су айдындарына, каналдарға, өзендер мен көлдерге жібермеуді ЕСКЕРТЕДІ.
         Су-жансыз жау. Қайғының орны алатындығын алдын-ала болжау мүмкін емес. Ересектер суда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауы тиіс.   Сіздің өміріңіз бен балаларыңыздың өмірі сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті
25 маусым 2019 ж. 1 014 0