Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жыл басынан бері 7 бала суға кеткен

Қызылордада жыл басынан бері 7 бала суға кеткен

Қызылорда облысының су айдындарында 15 оқиға тіркеліп, 16 адам қайтыс болды. Оның 7-еуі бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» ММ бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов баяндады.
«Өңірде суға шомылуға болмайтын 64 аймақ белгіленіп, 139 ескерту тақтайшасы орнатылды. Суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне ықпал етуде. Жаз айларында табиғатқа шығып, демалысты өзен мен көл жағасында өткізетін тұрғындар көп. Алайда сақтық ержелерін сақтамау салдарынан осындай демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады»,- дейді Нұрсұлтан Жаңабайұлы.
Сондай-ақ, облыс бойынша 3 жұмыс жасайтын жағажай тіркелді. Бір жағажай Шиелі кентінде болса, қалған екеуі Қызылорда қаласының аумағындағы Арай мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан.
kyzylorda-news.kz
07 шілде 2020 ж. 673 0