Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Филиппиндегі дауылдан қаза тапқандар саны 152-ге жетті

Филиппиндегі дауылдан қаза тапқандар саны 152-ге жетті

Филиппинде «Налджи» тропикалық дауылы 4,12 миллионнан астам адамға әсер етті. Дауыл салдарынан 152 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 1,03 млн қоныс аударған адам 1186 эвакуациялық орталықта орналасқан. 355,4 мыңнан астам адам үйлерін алдын ала тастап кеткен. Кем дегенде 128 адам түрлі жарақат алды, 35-і хабар-ошарсыз кетті. Республиканың 13 өңірінде апатқа байланысты 1,51 мың оқиға тіркелді, олардың арасында су тасқыны мен көшкін де бар.

Дауыл 22,4 мың үйге, 391 инфрақұрылымдық нысанға зақым келтірген. Апат салдарынан 504 жол бұзылып, 120 көпір құлаған.

666 оқу орнында сабақтар және 233 кәсіпорында жұмыс тоқтатылды. 437 қалада апат режимі енгізілді. Ауыл шаруашылығына келтірілген шығын 2,74 миллиард песоға (46,79 миллион доллар) бағаланады. Үкімет көмек көрсетуге 149,9 млн песо (2 2,55 млн) бөлді.
04 қараша 2022 ж. 703 0