Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сеулде «Алматы – ұлы даланың інжу-маржаны» көрмесі ашылды

Сеулде «Алматы – ұлы даланың інжу-маржаны» көрмесі ашылды

Сеул тарихы мұражайында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай, «Алматы – ұлы дала інжу-маржаны» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрмені Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі ұйымдастырды және оған Алматы қаласының мұражайы мен Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайының коллекциясынан 130-дан астам этнографиялық экспонат қойылған.

Көрме көшпелі өмір сүрген түркі халықтарының дәстүрлерін мұра еткен Қазақстанның өмірі туралы түсінік береді, сондай-ақ қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі, шаруашылық және тұрмыс салты, рухани мәдениеті туралы баяндайды.

Іс-шараға Қазақстанның Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова, Сеул тарихы мұражайының директоры Ким Ёнг Сок, Сеул қалалық кеңесінің, дипкорпустың, бизнес топтардың, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

inform.kz
09 желтоқсан 2022 ж. 560 0