Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады

Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады

FlyArystan әуекомпаниясы Астана - Анкара бағыты бойынша билеттер сатылымының басталғаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz әуетасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадан Түркия астанасына апта сайынғы рейстер 23 мамырдан бастап сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы шамамен бес сағатты құрайды. Билеттер бір жаққа 43 560 теңгеден басталады (борттағы кездейсоқ орын және 5 келіге дейінгі бір қол жүгі кіреді).

«Астанадан бөлек, Түркия астанасына Шымкент, Семей, Қызылорда, Ақтау және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары ұша алады. Ол үшін біз халыққа ыңғайлы бағаны ұсынуға дайынбыз», делінген хабарламада.
30 қаңтар 2023 ж. 370 0