Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эйр Астана жазғы жұмыс кестесіне көшеді

Эйр Астана жазғы жұмыс кестесіне көшеді

Эйр Астана жазғы жұмыс кестесіне көшеді және бұл уақыт аралығында Астана мен Алматыдан орындалатын ұшулар жиілігі ұлғаяды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Капитал порталына сілтеме жасап.

25 наурыздан бастап «Эйр Астана» компаниясы ұшулардың жазғы кестесіне көшеді және бұл осы жылдың 27 қазанына дейін жалғасады. Бұл кезеңде Астана мен Алматыдан орындалатын ұшулар және жаңа рейстер ашу ұлғаяды деп жоспарланып отыр.
Астанадан Лондон, Киев, Омбы мен Үрімшіге бағытталған рейстер күн сайын орындалатын болады, сондай-ақ, апталық рейстердің саны Мәскеуге - 12, Санкт-Петербургке - 9, Бейжің мен Бішкекке – 5, Дели мен Тбилисге – 4 болып ұлғайтылады. Алматыдан Бейжің мен Тблисиге бағытталған рейстер күн сайын орындалса, оңтүстік астанадан орындалатын мына рейстердің бір аптадағы саны да арттырылады: Мәскеуге – 16, Санкт-Петербугке – 10, Киев пен Бішкекке – 9, Душанбеге – 5, Бакуге – 4, Гонконгке – 3.
Әуе компаниясы 26 наурыздан бастап Атырау — Франкфурт — Атырау, 2 маусымнан бастап Астана — Түмен — Астана, 3 маусымнан бастап Астана — Қазан — Астана жаңа рейстерін іске қосады.
Жаз маусымында «Эйр Астана» әлемнің 21 еліне, соның ішінде ТМД-ның бес мемлекеті (Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және Украина мен Грузияға рейстерін жалғастыра береді. Жекеменшік рейстер, 42 қалаға, оның ішінде, 30-ы шетел қалалары бағытында орандалатын болады.
20 наурыз 2018 ж. 1 049 0