Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадан шығатын жолдар барлық бағытта жабылды

Астанадан шығатын жолдар барлық бағытта жабылды

Астана мен облыста қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр
АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Ауа райы қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын барлық жол жабылды, деп хабарлайды "109" қызметі.
"Ауа райы қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) Астана қаласынан шығатын жолдар барлық бағытта көліктің барлық түрі үшін жабылды", — делінген қызметтің Facebook парақшасында.
Бұдан бөлек, Astana LRT компаниясы хабарлағандай, ауа райы қолайсыздығына байланысты қала сыртындағы елді мекендерге қатынайтын бағдарлардың бәрі тоқтатылды. Алайда ең жақын жерлерге баратын №303, 306, 307 бағдарлары штаттық режимде жүріп жатыр.

sputniknews.kz
24 наурыз 2018 ж. 1 013 0