Тәжікстанда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 6 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 04:10-да жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 621 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6. MPV магнитудасы 4,7», делінген хабарламада.