Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шіркеуден шыққан соң есінен танған әйел 18 жастағы қыз болып оянған

Шіркеуден шыққан соң есінен танған әйел 18 жастағы қыз болып оянған

АҚШ тұрғыны Ким Харрис Деникола есінеп танып құлап, 18 жастағы қыз болып оянған деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға болған күні Ким католик шіркеуіндегі Інжіл үйрену сабақтарына қатысып шыққан.
Ғимараттан шыққаннан кейін оның көзі қарауытып, басы қатты ауыра бастапты. Күйеуіне хабарласқанда, ол оған рөлге отырмауға кеңес берген. Ким Харрис құрбысына хабарласып, ауруханаға жеткізуді өтінеді.Алайда әйел адам сол жерде есінен танып құлаған. Ал оянған кезде 40 жыл бұрынғы кезіне оралыпты.
Ол өзін мектептен үйге қайтуға шыққанмын деп ойлаған. Ал ауруханада жақындарын танымаған. "Мен емтихан тапсырып, үйге қайтайын деп жатқанмын. Медбике қазір "қай жыл екенін білесіз бе?" деп сұрады. Мен "1980 жыл" деп жауап бердім", - деді Ким Харрис Деникола.Әйел адам күйеуін, балаларын және немерелерін танымай қалыпты. Сонымен қатар, өзін 18 жаста санаған Ким ата-анасының келуін күткен.
Алайда олардың қайтыс болғанын қайта қабылдауына тура келеді. Ақ халаттылар әйел адамға естеліктері оралу мүмкіндігі жоқтың қасы екенін алға тартып отыр. "Қатты абыржып, ата-анамның келуін күттім. Дональд Трамп, Барак Обама мен Билл Клинтонның кім екенін білмедім", - деді Ким Харрис Деникола. Әйел адамның сөзінше, ол айнадағы түрін көріп шошыған. Сондай-ақ, заманауи техниканы қайтадан меңгеруіне тура келген. "Қатты қиналдым. Бірақ жақындарымның қолдауы бәрін еңсеруіме көмектесті. Бәлкім естеліктерім қайта оралатын шығар. Ал қазір мен адамдармен қайта танысып, 2019 жылы өмір сүруге үйреніп жатырмын", - деді әйел адам.
kaz.nur.kz
11 ақпан 2019 ж. 1 020 0