Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда күйеу баласы жарақаттаған ер адам көз жұмды

Оралда күйеу баласы жарақаттаған ер адам көз жұмды

Оралда күйеу баласы оқ атқан ер адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
БҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ер адамның жағдайы өте ауыр болған.
«Ауруханада оған екі рет күрделі операция жасалды. Бірақ, ол 24 мамыр күні түнде алған жарақатының салдарынан қайтыс болды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Еске сала кетейік, оқиға 10 мамыр күні Құрылысшылар ықшам ауданындағы үйлердің бірінде болған. Сол кезде ер адам бұрынғы әйелінің ата-анасын атып тастаған еді. Енесі сол жерде жан тапсырса, жараланған 60 жастағы ер адам ауруханаға жөнелтілген еді.
25 мамыр 2018 ж. 1 447 0