Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Араб елдерінде ортақ виза күшіне енеді

Араб елдерінде ортақ виза күшіне енеді

Араб мемлекеттері енді бірыңғай туристік визамен жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Оман және Бахрейн елдерінде «Араб шенгені» 2024 жылдан бастап күшіне енеді.

Аталған 6 ел Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше. Ал бұл ортақ визаны енгізу бастамасы аймақтың туристік әлеуетін арттыру үшін жасалып отыр. Яғни Парсы шығанағы елдеріне саяхаттауды қолжетімді ету, туризмді дамытуға септігін тигізеді. Бұл туристер үшін де ыңғайлы әрі қауіпсіз.
12 қараша 2023 ж. 970 0