Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы Айя-София мешіті туристер үшін ақылы болады

Түркиядағы Айя-София мешіті туристер үшін ақылы болады

Шетелдік туристер Стамбұл қаласындағы Айя-София мешітіне кіру үшін ақша төлейтін болады. Бұл туралы елдің Туризм министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Билет құны - бір адамға 25 еуро. Ал намаз оқуға келетін жергілікті тұрғындардан ақы алынбайды. Осы орайда туристер мен құлшылық жасауға келетіндер бөлек есіктерден кіргізілетіні хабарланды.

Айта кетсек, іргетасы алтыншы ғасырда қаланған ғибадатхана алдымен шіркеу, одан кейін 5 ғасырға жуық мешіт болып, 1935 жылы мұражайға айналған.

2020 жылы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шешімімен мұражай мешіт болып қайта ашылды.

«Айя-София тек Түркияның емес әлемнің мәдени мұрасы болғандықтан оның ерекше экожүйесін бұзбауымыз қажет. Туристерге арнайы QR код арқылы 16 тілде ғимараттың тарихы туралы тың деректер ұсынылады», деп түсіндірді Түркияның туризм және мәдениет министрі Мехмет Нури Ерсой.

Фото: egemen.kz
20 қаңтар 2024 ж. 514 0