Түркия үкіметінің жаңа құрамы таныстырылды
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жаңа министрлер кабинетінің құрамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Анкарадағы Чанкай резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Түркия үкіметінің жаңа мүшелерін таныстырды.
Жаңа министрлер кабинеті:
Джевдет Йылмаз - Түркияның жаңа вице-президенті
Әділет министрі - Йылмаз Тунч
Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі - Махинур Оздемир Гөкташ
Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі - Ведат Ишыкхан
Қоршаған орта және урбанизация министрі - Мехмет Озхасеки
Сыртқы істер министрі - Хакан Фидан
Энергетика және табиғи ресурстар министрі - Алпарслан Байрактар
Жастар және спорт министрі - Осман Ашкын Бак
Қазынашылық және қаржы министрі - Мехмет Шимшек
Ішкі істер министрі - Али Йерликая
Ұлттық білім министрі - Юсуф Текин
Ұлттық қорғаныс министрі - Яшар Гюлер
Денсаулық министрі - Фахреттин Коджа
Мәдениет және туризм министрі - Мехмет Нури Эрсой
Өнеркәсіп және технологиялар министрі - Мехмет Фатих Каджыр
Ауыл және орман шаруашылығы министрі - Ибрагим Юмаклы
Сауда министрі - Омер Болат
Көлік және инфрақұрылым министрі - Абдулкадир Уралоглу
Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамына табыс тіледі.