Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия президенті Брюссельге барды

Түркия президенті Брюссельге барды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 маусымда өтетін НАТО саммитіне қатысу үшін жексенбіде Брюссельге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Брюссельдегі «Мельсбрук» әуежайында Режеп Тайып Ердоғанды Түркияның НАТО жанындағы тұрақты өкілі Басат Өзтүрік, Түркияның Еуропалық Одақтағы тұрақты өкілі Мехмет Кемал Бозай, Түркияның Брюссельдегі елшісі Хасан Улусой және НАТО-дағы Түрік әскери бөлімінің бастығы Исмаил Унер, Түркияның Брюссельдегі Бас консулы Умут Дениз және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. 
Сапарластар арасында Түркия басшысымен оның әйелі Эмине Ердоған, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Президент әкімшілігінің байланыс кеңсесінің басшысы Фахреттин Алтун, Президенттің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын, Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик, аталмыш партияның Ризедегі депутаты және НАТО ПА-дағы түрік делегациясының жетекшісі Осман Ашкин Бак болды. 
Айта кетейік, НАТО саммиті бүгін Бельгия астанасы Брюссельде өтеді.
14 маусым 2021 ж. 451 0