Түркияда әскери ұшақ құлады
 Түркияның орталық бөлігінде орналасқан Конья қаласының маңында «Түрік жұлдыздары» әскери ұшқыштар тобының жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Sabah газетінің хабарлауынша, әскери ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған.
Түркияның орталық бөлігінде орналасқан Конья қаласының маңында «Түрік жұлдыздары» әскери ұшқыштар тобының жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Sabah газетінің хабарлауынша, әскери ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Сондай-ақ бастапқыда F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады деп хабарланған, бірақ кейінірек Northrop F-5 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады деген ақпарат пайда болған. 
Кейінірек Түркияның Қорғаныс министрлігі ұшақтың апатқа ұшырағанын растады. 
Коньяда оқу-жаттығу кезінде Түркия әуе күштеріне тиесілі ұшақ белгісіз себеппен сағат 14:15-те (Мәскеу уақыты бойынша) құлады. Тергеу басталды, - делінген Қорғаныс министрлігінің Twitter-де. 
Түрік әскери бөлімі ұшқыштың да қаза болғанын растап отыр. 
Түркия президенті Тайып Ердоған Twitter парақшасында қаза тапқан ұшқыштың отбасына көңіл айтты.
baq.kz






 
		 
		



