Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ыстамбұл әуежайында 177 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Ыстамбұл әуежайында 177 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Ыстамбұлдағы Сабихи Гекчен әуежайында жолаушылары бар ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы мәлімет Daily Sabah газетінде пайда болды, деп жазады stan.kz ақпарат агенттігі.

Pegasus Airlines әуекомпаниясының ұшағы ұшып-қону жолағынан сырғып кетті. Басылымның мәліметінше, осыдан кейін ұшақ бортында өрт басталды. Желіде пайда болған кадрлардан фюзеляждың бірнеше бөліктерге бөлініп кеткенін көруге болады. 
Ұшақ Измирден Ыстамбұлға ұшып бара жатқан. Бортында 177 адам болған. Барлығы қауіпсіз жерге көшіріліп, 52 адам зиян шекті.
  

06 ақпан 2020 ж. 802 0