Режеп Тайып Ердоған жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы РИА Новости Телеграм арнасы ақпарат таратты.
Ердоған 30-31 наурыз аралығында Қазақстанға келеді, делінген хабарламада.
Наурыз айының соңында Түркістанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді.
Түркі кеңесі – қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, оның басты мақсаты мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Өзбекстан кіреді, ал Венгрия оған бақылаушы ретінде қатысады.
aqmeshit-aptalygy.kz