Назарбаевқа ғұмыр бойғы мәртебе берілді

Чавушоглу Елбасыға ризашылық білдіріп, жақын арада Түркияға келу туралы Режеп Ердоғанның шақыруын жеткізді. "Сіздің Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің және Nur Otan партиясының төрағасы ретінде Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмыстарды белсенді жалғастырып жатқаныңызға қуаныштымыз. Сіздің Қазақстанды өркендету және екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне өлшеусіз еңбек сіңіргеніңізді жақсы білеміз", - деді Түркия Республикасының cыртқы істер министрі. Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады. Соңында Түркия Республикасының cыртқы істер министрі Түркі кеңесі мемлекеттері көшбасшыларының қабылдаған шешіміне сәйкес, түркі әлемі елдерін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін мәлімдеді.